Еурокомиссия өкілі Украинаның Еуроодақ құрамына кіру мерзімі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Welt телеарнасына сілтеме жасап.
Еурокомиссар Оливер Варгеи Киев келіссөздерге 2023 жылдың аяғына дейін кіріссе де, ол бір жылдың ішінде аяқталмайтынын атап өтті.
"ЕО-ның ішкі нарығына және басқа да көптеген маңызды саясат бағыттарына қатысуға дайындық үшін қажет жұмыстың көлемін ескере отырып, қосылуға дайындық бір-екі жылдан аса уақытты алуы мүмкін", - деді Варгеи.
Өз кезегінде Украина премьер-министрінің еуропалық интеграция бойынша орынбасары Ольга Стефанишина басылымға берген пікірінде Украина мүшелікке үміткер мәртебесін алғанға дейін-ақ интеграциялық үдерістерді бастағанын айтты.
"Еуроодақ бақылауымен көптеген реформа қазірдің өзінде жүргізілді. Сондықтан әдеттегі процедураны қолданбай, тезірек әрекет етуге болады", - деді ол.
Алайда Варгеи Украина үшін процедура жеделдетілуі мүмкін дегенді жоққа шығарды.
"Барлық басқа үміткерлер сияқты Украинаға да бірдей критерийлер қолданылады", - деді ол.
Бұл ретте ЕО Украинаның ұмтылысын оң қабылдайды.
"Украина реформаларды жылдамдатуға және бұл үшін қажетті жұмысты жылдамдатуға ұмтылып жатыр. Бұл жақсы. Бірақ жеті реформаның бәрін тез аяқтау мүмкін емес", - деген Варгеи келіссөздердің басталу кестесін анықтау мүмкін емесін айтты.