7.11.2022, 16:15
Оқылды: 37

Украинаның ЕО-ға кіруіне дайындық жылдарға созылады - Еурокомиссия

Еурокомиссия өкілі Украинаның Еуроодақ құрамына кіру мерзімі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Welt телеарнасына сілтеме жасап.

photo_106279

Еурокомиссар Оливер Варгеи Киев келіссөздерге 2023 жылдың аяғына дейін кіріссе де, ол бір жылдың ішінде аяқталмайтынын атап өтті.

"ЕО-ның ішкі нарығына және басқа да көптеген маңызды саясат бағыттарына қатысуға дайындық үшін қажет жұмыстың көлемін ескере отырып, қосылуға дайындық бір-екі жылдан аса уақытты алуы мүмкін", - деді Варгеи.

Өз кезегінде Украина премьер-министрінің еуропалық интеграция бойынша орынбасары Ольга Стефанишина басылымға берген пікірінде Украина мүшелікке үміткер мәртебесін алғанға дейін-ақ интеграциялық үдерістерді бастағанын айтты.

"Еуроодақ бақылауымен көптеген реформа қазірдің өзінде жүргізілді. Сондықтан әдеттегі процедураны қолданбай, тезірек әрекет етуге болады", - деді ол.

Алайда Варгеи Украина үшін процедура жеделдетілуі мүмкін дегенді жоққа шығарды.

"Барлық басқа үміткерлер сияқты Украинаға да бірдей критерийлер қолданылады", - деді ол.

Бұл ретте ЕО Украинаның ұмтылысын оң қабылдайды.

"Украина реформаларды жылдамдатуға және бұл үшін қажетті жұмысты жылдамдатуға ұмтылып жатыр. Бұл жақсы. Бірақ жеті реформаның бәрін тез аяқтау мүмкін емес", - деген Варгеи келіссөздердің басталу кестесін анықтау мүмкін емесін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале