Тасқала аудандық мәдениет үйінде “Әуен-саз” вокалды-аспапты ансамбльдердің облыстық байқауы өтті.
Байқауда Сырым елінен қатысқан атақты “Ақ қайың” мен қатар Ақжайық, Бәйтерек, Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау аудандарының вокалды-аспапты ансамбльдері бақ сынады.
Облыстық байқау нәтижесінде сырымдық “Ақ қайың” құлақтан кіріп, бойды алар “Родная земля”, “Қазақстан- қыран дала”, “Последняя поэма” әндерін орындап, көрермен ықыласына бөленіп, бас жүлде иеленді.
-Орындаған әндеріміз халықтың көңілінен шығып, тыңдарман қауымынан шынайы бағамызды алғанымызға қуаныштымыз. Бұл жүлде алдымен аға буындарымыздың бізге беріп жүрген бағыт-бағдары мен ансамбліміздің ұйымшылдығы арқасында келді десек, артық айтқандық емес,- дейді ансамбль мүшесі Армат Жұмагелдиев.
Айжан Амангелдина,