16.11.2022, 23:32
Оқылды: 45

"Ақ қайың" бас жүлде алды

Тасқала аудандық мәдениет үйінде “Әуен-саз” вокалды-аспапты ансамбльдердің облыстық байқауы өтті.

image-16-11-22-10-34-4

Байқауда Сырым елінен қатысқан атақты “Ақ қайың” мен қатар Ақжайық, Бәйтерек, Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау аудандарының вокалды-аспапты ансамбльдері бақ сынады.

image-16-11-22-10-34-2

Облыстық байқау нәтижесінде сырымдық “Ақ қайың” құлақтан кіріп, бойды алар  “Родная земля”, “Қазақстан- қыран дала”, “Последняя поэма” әндерін орындап, көрермен ықыласына бөленіп, бас жүлде иеленді.

-Орындаған әндеріміз халықтың көңілінен шығып, тыңдарман қауымынан шынайы бағамызды алғанымызға қуаныштымыз. Бұл жүлде алдымен аға буындарымыздың бізге беріп жүрген бағыт-бағдары мен ансамбліміздің ұйымшылдығы арқасында келді десек, артық айтқандық емес,- дейді ансамбль мүшесі Армат Жұмагелдиев.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале