18.11.2022, 9:45
Оқылды: 49

Әлеуетті бөлшек инвесторлармен кездесуге шақырамыз

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоу өткізу аясында инвесторлармен кездеседі. Сізді Орал қаласындағы әлеуетті бөлшек инвесторлармен кездесуге шақырамыз.
фото на сайт КМГ

Шара 2022 жылдың 19 қарашасында сағат 15.00-де Самал шағын ауданы, 3 мекенжайы бойынша «Park Hotel» қонақ үйінің конференц-залында өтеді.

 Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып,  Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді.

Спикерлер:

  • Мақсат Байзатов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржы департаментінің жетекші маманы
  • Бакытжан Мухтаров, Halyk тобының өкілі
  • Эльдар Тулегенов, аймақтық директордың орынбасары «Фридом Финанс» АҚ.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале