Бүгінгі сайлауда Шыңғырлау ауданының тұрғындары өз таңдауын жасады.
Таңғы 7:00-ден бастап сайлау учаскелеріне келгендер көп. Олардың қатарында ауызбіршілігі жарасқан, саяси науқаннан шет қалмаған Шыңғырлау аудандық кітапхананың қызметкерлері де бар.
Олар бір мезетте өздерің тұрғылықты мекенжайларына байланысты аудан орталығындағы 5 сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады.
«Сайлау мерекелік көңіл-күйде өтіп жатыр. Біз де ауыл тұрғындарымен бірге ұжым болып дауыс бердік. Ауылдастарымды сайлаудың өз деңгейінде өтуіне атсалысуға шақырамын»,- деді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлмира Макарқызы.