26.11.2022, 10:10
Оқылды: 78

Ел Президентін ұлықтау рәсімі басталды

Елордада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын ұлықтау рәсімі басталды. Салтанатты жиынға ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, бірнеше мемлекеттің дипломаттары, ҚР Парламенті палаталарының спикерлері, Парламент депутаттары, облыстардың делегаттары қатысып жатыр.

Қасым-Жомарт Кемелұлы халық алдында салтанатты түрде ант берді. ҚР гимні орындалған соң, ОСК төрағасы Нұркен Әбдіров Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚР Президенті куәлігін табыстады. Қазіргі уақытта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халық алдында сөз алуда.

WhatsApp Image 2022-11-26 at 10.07.29

Дәл қазір Президен ел алдында сөз сөйлеп жатыр.

«Биыл халқымыз үшін айрықша маңызды жыл болды. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біз түбегейлі бетбұрысқа жол ашқан ауқымды өзгерістер жасадық. Конституциялық реформаны жүзеге асырдық. Мемлекетіміздің ең басты салаларын жан-жақты жаңғырттық.

Соның арқасында халықтың болашаққа деген үміті артып, сенімі нығая түсті. Мен аймақтарды аралап, тұрғындармен кездескенде бұған айқын көз жеткіздім. Сондай-ақ, өткен референдум тың бастамаларды жұртымыздың жаппай қолдайтынын көрсетті. Халықтың дұрыс бағыттағы өзгеріске ұмтылысы жұмысқа зор серпін берді.

Біз реформаларды соңына дейін міндетті түрде жеткізуіміз қажет. Конституцияның жаңа талабына сәйкес, бұдан былай Президент жеті жылдық бір мерзімге ғана сайланады. Осылайша, саясаткерлердің жаңа буыны билік басына келе бастайды. Мен осы шешімнің дұрыс болғанына кәміл сенемін» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ел Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу мүмкіндігіне болып, салтанатты жиынның ортасынан табылып отырмын. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарын айқындайтын, халықтың әл-ауқатын арттыратын міндеттер көзделді. Күні кеше Парламенттің қос палатасы мен Үкімет Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы міндеттерді талқылап, тиісті тапсырмалар берілді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы

Астанадан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале