9.12.2022, 15:00
Оқылды: 57

«Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы» акциясы басталды

«Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қолдауымен елдегі коррупцияға қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында жастарды жұмылдыруға бағытталған «Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы» атты акцияның басталғанын хабарлады.

97b1e22d-104b-4d13-b0a3-8175d2e02834

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болатын  арнайы 1463 колл центрі қосылды. Сонымен қатар жастардан хабарламаларды қабылдап, өзекті жаңалықтарды жеткізетін ұйымның әлеуметтік желідегі парақшалар ашылды.

Акция аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылып, өз кезегінде ол студент жастарды акцияға жұмылдырып, ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

991b5b3a-c929-4b91-8bfb-e5509ddf08b2

Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі – оның кешенді сипатында. Мемлекеттің ғана емес, бүкіл азаматтық қоғамның шоғырландырылған күш-жігері қажет. Сондықтан біз бүгін «Әділдік жолымен» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойдық. Меморандумның басты мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың студенттері мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау,- деді.

Акция ұйымдастырушылары «Әділдік Жолы» РҚБ атынан Ғылым және жоғары білім министріне ашықтығы, акцияны қолдауға және іс жүзінде өзінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын көрсетуге дайын екендігі үшін алғыс білдірді.

Акция бастамашылары, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалар байқауының басталғанын жариялады. Онда әрбір жас сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз көзқарасын ұсына алады.

Д.Смағұловтың айтуынша, өтінімдер [email protected] электронды мекен-жайына 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады. Одан кейін байқау комиссиясы еліміздің әр өңіріндегі үздік жұмыстарды таңдап, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар, кейбір идеялар эксперименттік пилоттық жобалар ретінде жүзеге асырылады, яғни жастар өз ұсыныстарының жүзеге асуын өз көздерімен көре алады.

Сөзін қорытындылай келе, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Д.Смағұлов барша қазақстандық жастарды осы акцияны жүзеге асыруға белсене атсалысуға шақырды, өйткені Әділетті Қазақстанның қалыптасуы әрбір азаматқа,  соның ішінде бірінші кезекте жастарға жастарға байланысты.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған. 2003 жылдың дәл осы күні Мексикада қол қою үшін БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы ашылды.

«Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі

 баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале