15.12.2022, 9:30
Оқылды: 56

Жыр жүйрігі жүлдемен оралды

Таяуда Түркістан қаласында республикалық «Алтын домбыра» ақындар айтысы өтті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған сөз бәйгесінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 18 ақын бақ сынады.

IMG-20221215-WA0002

Жыл сайын өтетін жыр додасында облысымыздың намысын қорғаған айтыскер ақын Талғат Мықи жүлделі ІІІ орынға (750 000 теңге ақшалай сыйақыға) ие болды. Өлең-жырдың көкпары жайында ақынның өзі баяндады.

– «Amanat» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістанның төрінде өткен аламан айтыс жоғары деңгейде болды. Жүлдегерлердің бәрі дерлік өз бағасына лайық жүйріктер. Суырыпсалма ақындар жырсүйер қауымды өнерімен, салмақты сөздерімен тәнті етті. Қазылар алқасының шешімімен Түркістан өңірінің тумасы, қазір астаналық Еркебұлан Қайназаров биылғы «Алтын домбыраның» иегері атанды.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған жеңімпазжүлдегерлерді құттықтаймын! – деді талантты ақын Талғат  Мықи.

Аманжол Рахымжанұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале