Оралда «Қош келдің Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты Қазақстан Республикасы Президенті атынан балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңажылдық шыршаға 9 бен 13 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндігі шектеулі, мүгедектігі бар балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары және дарынды балалар санатынан 200 бала қатысқан.
ҚР Президентінің атынан өткізілетін жаңажылдық шырша «Салтанат сарайы» мейрамханасында ұйымдастырылды.
Жаңажылдық шыршаға қатысушының әрқайсысына 80 мың теңгенің сертификаты және сыйлыққа энциклопедиялар, сөмке, тәттілер берілді.
Мерекелік дастархан да жайылды.
Шара басырында оқушыларды өңірдің танымал тұлғалары Данияр Елеусінов, әншілер Райм мен Ержан Максим бейнеқұттықтау арқылы құттықтады.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол жүру және шараны өткізу кезінде облыстық білім, денсаулық сақтау басқармалары және Ішкі істер департаментінің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте болды.
zhaikpress.kz
Сурет БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен