4.01.2023, 17:30
Оқылды: 67

Жаңа жыл күні облыста 203 адам айықтырғышқа түсіп, 9 адам өрттен құтқарылған

Жаңа жыл күні полиция қызметкерлері мен төтеншеліктер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қоян жылын қарсы алған батысқазақстандықтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында 630 полиция қызметкері мен 92 автокөлік кезекшілік етті.

F3FE2849-1F6A-4F14-9AD4-A4163C3B8F4F

1 қаңтар күні полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзудың 23 фактісін тіркеген. 45 адамды айықтырғышқа жеткізген.

«2-3 қаңтар күндері қоғамдық тәртіпті бұзудың  103 фактісі тіркеліп, ұсақ бұзақылық жасаған 108 адам уақытша бейімдеу орталығына жеткізілді», - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2023-01-04 at 13.48.00 (1)

Жаңа жыл күндері ащы суды артығырақ ұрттап жіберген 203 адам айықтырғышқа жеткізілген. Олардың ішінен 134 адам айықтырғышқа қамалып, қалғаны босатылған.

Бұл ақпаратты БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

төт

Ел мейрамдатып жатқанда кірпік қақпай қызмет еткен полиция өкілдері мен құтқарушылардың еңбегі зор. Адамды құтқару деген ұлы істі өрт сөндірушілер Жаңа жылдық мереке күндері де ұмытпады. Атап айтсақ, 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында 9 адам өрттен қауіпсіз аумаққа шығарылған, олардың ішінде 3-еуі кішкентай бала.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мереке күндері төтеншеліктердің жедел желісіне 15 шақырту қоңырауы түскен.

Жанат Көшкінбай,

Суреттер сайт архивінен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале