22.06.2016, 14:37
Оқылды: 88

Дұрыс жолға бағыттау қажет  

ДҰРЫС ЖОЛҒА БАҒЫТТАУ ҚАЖЕТӨзге бірнеше ауданда болып, Бөрлі жеріне ат басын бұрған облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен аудан әкімдігінде жиын өтті.


 Бұл кездесуге  жастар, үкіметтік емес ұйымдар, түрлі мекемелердің қызметкерлері мен басшылары, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысты.

Облыстан келген топ мүшелері Батыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы әрі топ басшысы Баянгүл Семғалиева,  Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының  теолог маманы Бауыржан Қожагелдиев,  М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, филисофия ғылымдарының кандидаты Гүлнар Молдашева және  Батыс Қазақстан облысының аға прокуроры Бақтығали Ниязовтар сөз алып, дәстүрлі дін мен теріс діни ағымдардың айырмасын нақты дәлелдермен сипаттап, деректер келтірді.

Сондай-ақ әрбір ата-ана балаларының діни білім алғысы келетін ниетін білген жағдайда оларды мұқият қадағалап, мешіт имамдары немесе діни сауатты адамдар арқылы дұрыс жолға бағыттаулары қажеттігін айтты.

Топ мүшелері жиынға қатысушылардың көкейлерінде жүрген қандайда бір сауалдары болса, қоюларын сұрады.

Бұл басқосу аудандық мұсылмандар мешітінде өтіп, топ мүшелері жамағатпен кездесті. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру тобы аудандық ішкі істер бөлімінде де болып, полиция қызметкерлерімен жүздесті.

 

www.zhaikpress.kz
Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале