20.01.2023, 14:30
Оқылды: 44

Қазақстандық боксшы жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

230120144502828e

 

Фото: sports.kz

Жастар арасында әлем чемпионы С.Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Чамбай Джексонмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек Санжардың айқын басымдылығымен өтіп, ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті.

Бүгін Қазақстаннан басқа да боксшылар рингке шығады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале