Ұлы Отан соғысының және прокуратура саласының ардагері Иван Степанұлы Гапичтің 100 жылдығына орай 8-10 сынып арасында өткен облыстық «Өнегелі ғұмыр» тақырыбындағы сырттай эссе байқауынан жүлделі бірінші орынды Аралтөбе орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сағынтай Кадим жеңіп алды.
Сағынтай Кадим эссе байқауының аудандық кезеңінен бірінші орын алып, облысқа жолданған болатын.
Облыс прокуроры Серік Шалабаевтың атынан жеткен дипломды иесіне Сырым ауданы прокуроры Нартай Байменов табыс етті.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz