Абай облысы Семей қаласында қазақ күресінен 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Еліміздің үздік жас палуандары бәсекесінде 65 келі салмақта өнер көрсеткен Санжар Бақытжан қарсыластарын қоғадай жапырып, ел чемпионы атанды.
Санжар палуанды Бағдат Сағатқалиев, Арман Келмұқанов сынды білікті бапкерлер жаттықтырады.
Санжар Әскербекұлы 2008 жылы Сырым ауданында туған.
2015 жылдан бастап Орал қаласындағы жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттығады.
Бірнеше дүркін республикалық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері атанған. Күрестен бөлек әдебиетке ерекше құмар. Қадыр оқулары, әдеби сайыстарда да өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Осы күні Орал қаласындағы нөмірі 38-ші мектепте оқиды.
Әкесі – өңірге аты әйгілі спорт маманы Әскербек Бақытжанұлы Нұрмұханов.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz