Бәйтерек ауданы Переметный мектебінде пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Білім додасында аудандағы 37 орта мектептің 282 шәкірті 14 пән бойынша алғырлығын танытып, бақ сынады.
Бір кезеңнен құралған олимпиада шартына сай оқушылар «respa.daryn.kz» сайтында тапсырмалар орындады.
Қорытындысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен - 13, орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиетінен - 4, орыс тілі мен әдебиеті — 4, қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиетінен - 5, ағылшын тілі - 12, тарих -17, құқық негіздерінен - 4, математика - 4, физика - 2, информатика - 1, химия - 2, биология - 9, география -4 оқушы үшінші кезеңге жолдама алды.
Гүлжан Хамитқызы,
Бәйтерек ауданы