17.02.2023, 17:30
Оқылды: 8

Қала көшелерінен өткен түнде 2 616 текше метр қар шығарылды

Оралда жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты қарды тазарту жұмыстарына коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмылдырылуда.

16391EB2-1EAE-415B-97CA-41EA3838C79F

Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен түнде қаладан 2 616 текше метр қар шығарылған. Қазіргі таңда қала көшелерінде тазалау, қыру жұмыстарында 171 арнайы техника жүр.

Қыс мезгілі басталғалы қала көшелерінен 59 756 текше метрден астам қар шығарылды.

8A2055D5-56AC-47A9-98AD-051212C83555

Көктайғақты болдырмау мақсатында жолдар, тротуарлар, алаңдар мен аялдамаларға күнделікті құм-тұз қоспасы себілуде.

Орал қаласында кеше жауған қардың мөлшері - 6 мм. Қазгидрометтің мәліметінше, қалаға әлі айлық көрсеткіштен асатын қар түспеген.

9BCEDAC8-6018-47BD-A563-0E18D040C38C

Алдағы күндері де қар жауып, ауа райы түнде -7, -12, ал күндіз -5, -10 аралығында аяз болады деп күтілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале