24.02.2023, 16:00
Оқылды: 31

Семинар кеңес өтті

Жуырда Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауылшаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Еңбек кодексі нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

ауылшаруашылық
Оған Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Дастан Қалел, Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы басқармасының еңбек саласындағы бақылау және талдау бөлімінің бас маманы Талғат Асылбеков, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару департаментінің инспекторы Меңдеш Утепов және Тасқала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Асылбек Айтасов, сондай-ақ, ауыл әкімдері мен кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
-Біздің бүгінгі бас қосудағы мақсатымыз жұмыс беруші тараптың ҚР Еңбек кодексі нормаларын тиімді пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, талқылау, түсіндіру сонымен қатар толғандырған мәселелерді ортаға салып, шешілу жолдарын қарастыру.
Шынын айту керек біздің ауданның өзінде қаншама шаруа қожалықтары мен мекемелер бар. Бірақ жұмысшы мен екі ортада келісім шарт жасалмайды. Жұмысшыға берілетін жалақы қолма-қол кетіп жатыр. Осыдан келіп үлкен мәселе туындап отыр. Сондықтан осындай мәселелер бойынша арнайы мамандар сіздерге түсіндіріп береді, - деді аудан әкімінің орынбасары Аян Халауединұлы.

Кездесу барысында еңбек шартын жасау тәртібі мен жалпыға бірдей декларация, сондай-ақ жер мәселелері туралы мамандар толыққанды түсіндіріп, шаруалар өзара пікір алмасты.

Назгүл Серік,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале