Ақмола облысының Щучинск қаласында Қазақстан оқушыларының XI қысқы гимназиядасында шаңғымен спорттық бағдарлау жарысы бойынша қатысқан бұлдыртылық Алдияр Владимир ІІ орын иеленді.
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев жас шаңғышыны жеңісімен құттықтап, алғыс хат табыс етті.
- Ауданымыздың атын шығарар спортшылар, қысқы спорт түрінен Алдиярдай жүлдегерлер көптеп шығуы үшін, шаңғы алып беріп, қолдауымыз керек, - деп Артур Мұратұлы “Жас туристер” станциясы басшысы Бейбіт Батыршин мен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ахметке ұсыныс айтты.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарынан, Астана қаласынан 12-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысқан жарыста облыс құрамасынан 16 оқушы бақ сынады.
Шәкірт жеңісі - ұстазы мерейі. Аудан әкімдігі атынан Алдиярдың Бұлдыртыдағы бапкері Ержан Абдығалиевке алғыс хат табыс етілді. Аталған жарысқа аудан көлемінде дайындығына ден қойып, баптаған Тілеу Мереке.
Жас спортшыға отбасының атынан апасы Роза Владимирқызы, Бұлдырты мектебінің ұжымы атынан мектеп директоры Алмагүл Бисалиева естелік сыйлық табыстады.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz