20.03.2023, 22:45
Оқылды: 40

Алдияр - жүлдегер!

Ақмола облысының Щучинск қаласында Қазақстан оқушыларының XI  қысқы гимназиядасында шаңғымен спорттық бағдарлау жарысы бойынша қатысқан бұлдыртылық Алдияр Владимир ІІ орын иеленді.
image-20-03-23-09-33-1
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев жас шаңғышыны жеңісімен құттықтап, алғыс хат табыс етті.
- Ауданымыздың атын шығарар спортшылар, қысқы спорт түрінен Алдиярдай жүлдегерлер көптеп шығуы үшін, шаңғы алып беріп, қолдауымыз керек, - деп Артур Мұратұлы “Жас туристер” станциясы басшысы Бейбіт Батыршин мен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ахметке ұсыныс айтты.
image-20-03-23-09-33
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарынан, Астана қаласынан 12-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысқан жарыста облыс құрамасынан 16 оқушы бақ сынады.
image-20-03-23-09-33-2
Шәкірт жеңісі - ұстазы мерейі. Аудан әкімдігі атынан Алдиярдың Бұлдыртыдағы бапкері Ержан Абдығалиевке алғыс хат табыс етілді. Аталған жарысқа аудан көлемінде дайындығына ден қойып, баптаған Тілеу Мереке.
image-20-03-23-09-33-3
image-20-03-23-09-33-4
Жас спортшыға отбасының атынан апасы Роза Владимирқызы, Бұлдырты мектебінің ұжымы атынан мектеп директоры Алмагүл Бисалиева естелік сыйлық табыстады.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале