25.03.2023, 17:10
Оқылды: 56

Сенбілік  — тазалық таразысы

«Тазалық табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен подстепныйлықтар ауыл ішінде жүріп жатқан сенбілікке бей-жай қарамай,  білек сыбана кірісті.

IMG-20230325-WA0039

IMG-20230325-WA0035

IMG-20230325-WA0034

WhatsApp Image 2023-03-25 at 15.08.09

WhatsApp Image 2023-03-25 at 15.08.11

WhatsApp Image 2023-03-25 at 15.08.11 (2)

WhatsApp Image 2023-03-25 at 15.08.12

Тінін тарқатсақ,  13 мекемеден 87 адам  бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген  аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, ауылдың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Айта кетейік,  сенбілік аясында  2 техника жұмылдырылып, 7-8 тоннадай қоқыс қалдықтары  шығарылды.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале