Бүгін Тасқала ауданындағы Амангелді мен Мерей ауылдарының мектеп-бөбекжай-балабақша кешендеріне оқушыларды тасымалдауды сапалы ұйымдастыру және автокөліктерді жаңарту мақсатында «Паз» маркалы автобусы берілді.
Жаңа автобус барлық заманауи талаптарға сай жасақталған. Шараға аудан ақсақалдары, білім саласының ардагерлері, білім ошақтарының басшылары қатысты. Аудан әкімі мектеп директорларына автокөліктердің кілттерін табыстап, жылы лебізін білдірді.
- Құрметті ардагерлер құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар елімізде білім саласына көп көңіл бөлініп. Әр ауылда, әр қалада үлкен жайлы мектептер салынып, күрделі жөндеу жасап, материалдық техникалық базасы нығайтылып жатыр. Осындай жақсы сәттердің бірі - бұл аудандағы Мерей және Амангелді ауылдарының мектептеріне жақсы, жайлы автобустар берілгені бізді қуантады. Бұл арнайы балаларды тасымалдауға арналған автобус. Мерей ауылындағы мектептің жөндеуі аяқталса, Амангелді ауылындағы мектепті жөндеу сәуір айының аяғына дейін аяқтау жоспарлануда, - деді аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов.
zhaikpress.kz