Жақында Тасқала ауданы әкімідігінің мәжіліс залында аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетовтың қатысуымен актив отырысы өтті.
Жиынға Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Мәлік Сәбитұлы Кенжалиев, соттың төрағасы Әлия Бақытжанқызы, аудан прокуроры Дәурен Еркінұлы, аудандық полиция бөлімі басшысының м.а. Азамат Қадыржанұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Жанар Нұрболатқызы дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Жиын барысында Мәлік Сәбитұлы аудан активіне Президент жарлығына сәйкес Тасқала аудандық сотының судьясы болып тағайындалған Талап Мұхтарұлы Макишевты таныстырды.
Макишев Талап Мұхтарұлы 1988 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген.
Сот саласындағы еңбек жолында Зеленов аудандық сотының аға приставы, Бәйтерек аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2022 жылы ҚР Жоғары Сот төрелігі академиясын бітірген.
Актив отырысында аудан әкімі Талап Мұхтарұлын жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz