Тасқала ауданы әкімі Бауыржан Айтмағамбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар жұмысы жөніндегі кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкерлері мен кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Жиын барысында бірінші, екінші мәселе бойынша 2023 жылдың І тоқсанының Мерей, Шежін ауылдық округтерінде жастар саясатының жүзеге асырылуы барысы туралы Мерей ауылдық округі әкімі Орынбек Насимуллин мен Шежін ауылдық округінің бас маманы Дина Имашева баяндама жасады.
«Мерей ауылдық округiнiң жастармен жұмыс жөніндегі маманы жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындары және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық жұмыстар жүргізуде. Жастардың жат ағымдарға еріп кетуінің алдын алу мақсаты бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үйлестірмелер таратылды. Жұмыссыздық мәселесінің алдын алу негізінде жастарға мемлекет тарапынан ұсынылатын түрлі бағдарламалар таныстырылды. Атап айтар болсақ: жастар тәжірибесі, алғашкы жұмыс орыны, кәсіпкерлік саласы бойынша, отбасы банк, бизнес бастау, жас кәсіпкер, «Ауыл аманаты» сияқты тағы да басқа бағдарламалар түсіндірілді. Басты мақсат жастарды ақпараттандыру, барынша жұмыссыздықты азайту», - дейді округ әкімі.
Ал Шежін ауылдық округінің бас маманы Д.Имашеваның айтуынша, мемлекеттік жастар саясатын жүргізу және қолдау мақсатында ауыл көлемінде түрлі бағытта жұмыс атқарылуда.
«Жылдың басынан төрт спорттық шара, бес мәдени бағытта, «Жастарға кеңес» жобасы аясында ақпараттандыру, волонтерлік акциялар өтті. Жасөспірімдер мен кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп түнгі рейдтік шаралар жүргізілді», - деді Шежін ауылдық округінің бас маманы.
Үшінші мәселе «Нәтижелі еңбек» бағдарламасындағы өзгерістер туралы Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы А.Абулхаирова өз ақпаратын ұсынды.
«Жалпы жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту мақсатында, жұмыс берушілер «Enbek.kz» порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы (ЭЦП) өзі тіркеліп жеке кабинет ашады. Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы мәліметті (вакансия), сонымен қатар, мемлекеттік субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына жеке кабинеті арқылы өтінім беріп, халықты жұмыспен орталығымен электронды келісімшартқа отырады. Бұл келесі тәртіппен жүзеге асырылады. Жеке кабинеттен өтінім береді, берілген өтінім халықты жұмыспен қамту орталығындағы «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі Жүйе) келіп түседі. Бұдан әрі мамандар жұмыс берушілермен хабарласып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жұмыстанады. «Электрондық еңбек биржасы» порталының қолданысқа кең еңгізілуі жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілер арасындағы байланысты біршама жеңілдете түсті. Жоба аясында жастарға арналған үлкен мүмкіндіктер қарастырылған», -деді.
Сонымен қатар «Алғашқы жұмыс орны» жобасы, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы, «Жастар практикасы», «Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бағыттары бойынша түсіндіріп өтті.
Кеңес отырысы барысында баяндама жасаушыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Болат Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz