7.04.2023, 17:29
Оқылды: 13

Жастарға үлкен мүмкіндік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету-мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Сондықтан, еңбекпен қамтиын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Болашақта да  жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәттіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі», деген болатын.

тенге

Осыған орай халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Аэлита Абулхайроваға жолғып несие жөнінде білген болатынбыз.

- Иә, биыл жаңадан енгізілген бағыттардың бірі жастарға жеңілдетілген несие беру. Яғни, атаулы мемлекеттік қолдауға  жұмыссыз жастармен қоса тұрақты жұмысы (мемлекеттік қызметтен өзге) бар жастар да қатыса алады. Сонымен қатар ісін жаңадан бастаған яғни, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 5 жыл толмаған кәсіпкерлер қатарындағы жастар да өтініш бере алады. Тек несиенің берілетін ең көп сомасы – 5 млн теңге.

Несие мерзімі 5 жылға дейін, ал  мал шаруашылығымен айналысамын дегендерге 7 жылға дейін беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5%, жеңілдік кезеңі кредиттеу мерзімінің ұзақтығына қарай 1/3, - деді Аэлита Абулхайрова.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале