18.04.2023, 11:00
Оқылды: 45

Облыстық пікірсайыс турнирі өтті

Жуырда Орал шаһарындағы Оқушылар сарайында 8-11-сынып оқушылары арасында «Ел ертеңі –

білімді ұрпақ» облыстық пікірсайыс турнирі (ағылшын лигасы) өтті.

дебат

Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен шараны облыстық білім басқармасы мен «Дарын» қосымша білім беру орталығы  ұйымдастырды.

– Облыстық турнирге мектепішілік, аудандық, қалалық кезеңдерде жеңімпаз атанған дебат клубтарының көшбасшылары, барлығы – 9 фракция, 18 оқушы қатысты. Турнир америкалық парламенттік сипатта өтті. Бұл  - парламенттік  сипаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын үш команда – Үкімет пен оппозиция ұсынған  қарарды талқылады. Бұл сипаттағы дебаттың ерекшелігі,  зерттеу мен дәлелдер жинауға емес, тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделген. Пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыбы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, – деп атап өтті облыстық білім басқармасының бас маманы Баянгүл
Семғалиева.

Турнир қорытындысы бойынша А. Тайманов атындағы №34 мектеп бірінші,  облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицейі екінші,  облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 мектеп-лицей интернаты үшінші орындарды иеленді.

Ағылшын тіліндегі пікірсайыс облыстық деңгейде бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

Гүлжамал Жолдығали

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале