11.07.2016, 12:23
Оқылды: 80

Мәдениет қызметкерлерінің семинар-кеңесі

семинарОблыстық мәдениет қызметкерлерінің екікүндік «Озық тәжірибе – көпке ортақ» атты семинар-кеңесінің қонақтарын аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов Сырым шыққан төбеден қарсы алды. Өңірдің түкпір-түкпірінен ауданымызға алғаш табан тіреген мәдениет қызметкерлеріне аудан басшысының орынбасары Сырым шыққан төбенің тарихи маңызын таныстырды. Қонақтар Сырым баба рухына тағзым етіп, кесенеге гүл шоқтарын қойды.


Алаш туы алғаш боп тігілген аудандағы Алаш мұражайын, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайының  жаһұттай жәдігерлерін тамашалап, Сырым саябағындағы батырдың,  дарабоз ақын Қадырдың, Алашорда Үкіметін құрушылардың ескерткіштеріне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

Облыстық семинар-кеңеске аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Медхат Қамбетов қатысты. Семинар-кеңесте мәдениет ошақтары жұмысының креативтік бағыттары, әдіскерлік жұмысты жаңартудың заманауи тәсілдері, жастарды мәдени демалуға бағыттаудың жолдары тренинг арқылы көрсетілді. Әрбір ауданның, облыстан келген өкілдері өзіндік тәжірибелерімен бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале