20.04.2023, 17:31
Оқылды: 19

Алғашқы жәрмеңке өтті

Тасқала ауданы орталығындағы базарда жеміс ағаштары мен сәндік гүлдер  жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  

жәрмеңке 1

   Ауыл тұрғындары аулаларына отырғызу үшін жеміс ағаштары мен әдемі гүлдерді таңдап алып жатты. Бұндай жәрмеңке өткен жылы да аудан орталығында бірнеше рет ұйымдастырылып, халықтың керегіне жараған еді. Биылда бұл үрдіс жалғасын тауып, ауыл тұрғындары қол жетімді бағамен өздеріне қажеттісін тапты. Осындай жәрмеңке аудан тұрғындары үшін өте қолайлы. Алдағы апталарда да жәрмеңкелер ұйымдастырылып, халыққа ұсынылады.

- Орал қаласынан «Питомник Жайнадан» келіп халыққа керек дүниелерін алып келдік. Жеміс теректері мен сәндік ағаштар, алма ағаштарының үш жылдықтары бар. Барлығы будандастырылған. Жер талғамайды. Гүлдердің түр-түрі бар. Көп жылдық гүлдердің де түрлері бар. Өзіміз осы іспен айналысып жүргенімізге жеті жылдай уақыт болды. Алдағы уақытта тасқалалықтар жеміс ағаштары қажет деп жатса, біз оған қуана келісеміз. Басқа аудандарға да барып жеміс ағаштары мен гүлдерді үлестіріп жүрміз», - деді Иманғазы Махражан.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале