12 шілде күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті.
Мәжілісте Қазталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев ауданда жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері бақылау шоттарына қаражаттардың түсімі және олардың жұмсалуы жөнінде сөз қозғады. Ал аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімалиев ауданда шағын және орта бизнес саасын дамыту мақсатында жүзеге асырылатын жобалар туралы хабарламалар жасады.
Бұл мәселелер бойынша Қазталов, Жалпақтал, Ақпәтер, Қараоба ауылдық округтерінің әкімдері Сәрсенбай Молдашев, Самиғолла Ақмурзин, Есенгелді Айсағалиев, Нұрлығали Дүйсеков атқарылып жатырған жұмыстарды баяндады.
Аудан әкімінің мәжілісінде басқа да мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылдады.
www.zhaikpress.kz
Жұлдыз АСҚАР
Қазталов ауданы