Дәл қазір Оралдағы Сарыарқа шағынауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ат жарысы, құнан жарысы және ұлттық спорт ойындарынан ашық біріншілік басталды.

Бәйгеде бірінші кезекте құнан жарысы өткізу жоспарланған. Бұл жарыста алты шақырымнан 5 айналым өтеді.

Кейін екінші топ бәйге жарысы оздырылмақ. Бұл жарыста он екі шақырымнан 10 айналым жасалады. Одан кейін жамбы ату жарысы өтеді.





zhaikpress.kz