14.05.2023, 19:23
Оқылды: 64

Нұрбек Оралбай Қазақстаннан төртінші болып әлем чемпионы атанды

"Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Нұрбек Оралбай чемпион атанды", деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5b88faa0-e9dd-4f5b-9b81-aee728051457-750x500

Суреттің дереккөзі: aikyn.kz

Жастар арасында әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта финалда қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен чемпиондық атақ үшін рингке шықты.

Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезең – 3:2. Жекпе-жек қорытындысында Нұрбек Оралбай жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін 4 алтын, 1 күміспен аяқтады. Бұл – рекордтық нәтиже.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокста Стивен Батлерді нокаутпен ұтқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ бүгін Ташкентте қазақстандық үш боксшы чемпиондық атақ үшін рингке шығатыны хабарланды.

Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын қос нокдаунмен ұтып, әлем чемпионы атанды. Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті әлем чемпионы атанды. Құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале