22.05.2023, 15:15
Оқылды: 50

Ақбөкендер санын реттеу талқылануда

Дәл қазір облыс әкімінің төрағалығымен Орал киік популяциясының санын реттеу бойынша халықаралық сарапшылармен кездесу өтіп жатыр.

7b040c5d-06e8-40f0-8849-28d6d8238487

Кездесу барысында Нариман Төреғалиев шетелдік сарапшылар мен қонақтарды қатысушыларға таныстырып, Министрліктің қолдауымен келген халықаралық сарапшылардың Казталов, Жәнібек аудандарында екі күн бойы жұмыс жасағанын атап өтті.

ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев екі күннен бергі жұмыс нәтижесінде халықаралық және жергілікті сарапшылар мемлекет қабылдаған шараның нәтижесінде киік санының сақталып, көбейгеніне көзі жеткені туралы айтты.

435dcb71-222f-4fc7-9cf7-fa6d2e1d14ce

Алғаш боп сөз алған NABU Герман табиғатты қорғау бірлестігінің өкілі, халықаралық сарапшы Штефан Михель кездесудің ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, бұл шараның өте жақсы тәжірибе екенін, Қазақстанның табиғат қорғау саласындағы бұл жетістігі әлемде болмаған оқиға деп атап өтті.

- Біз бұл ресурсты қалай тиімді пайдалануға болатынын ойлануымыз керек. Өкінішке орай адамдар қазір оған проблема ретінде қарап отыр. Керісінше киіктер өте құнды ресурс деп айтқым келеді. Біз жергілікті халықпен, фермерлермен кездестік, олармен сұхбаттастық. Біз бұл мәселені тиімді шешетін механизмдерді ойластырып табуға көмектескіміз келеді. Нәтижесінде киік сіздерге әлеуметтік және экономикалық пайдалы ресурс болатынына сенімдімін, - деп аяқтады өз сөзін Штефан Михель.

zhaikpress.kz

  35b247f0-28d6-468a-9047-84ad99198262

61dd8e6e-85d4-4783-9a79-ffb60c81c803

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале