18.07.2016, 10:12
Оқылды: 65

Семинар-кеңес өтті

Семинар-кеңес оздырылды Жәнібек аудандық әкімдігінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» атты семинар-кеңес өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары мен мамандары, аумақтық басқармалардың басшылары қатысты. 


Семинарды аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин, жергілікті атқарушы органдарда ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының орындалу барысы жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ерік Төлепқалиев хабарлама жасап, заңдарға егжей-тегжейлі түсінік берді.

Жиын соңында аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы семинар-кеңеске арнайы келген қонақтарға алғысын білдірді.

                                                                                                            www.zhaikpress.kz
А.ҚҰСАЙЫНОВ
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале