23.05.2023, 9:00
Оқылды: 46

Бюджет қаржысы қалай игерілді?

Орал қалалық мәслихатының кезекті 3-сессиясында Орал қаласының 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы және басқа да мәселелер қаралды.

сессия Гулбаршын апа

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қала әкімі Миржан Сатқанов баяндама жасады. Баяндамаға сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша қалалық бюджеттің түсімдері – 41 млрд 684 млн, шығыстары – 41 млрд 205 млн, жыл қорытындысы бойынша бос қалдықтар 479 млн млн теңгені құрады. Былтыр бюджеттің түсімдер бөлігі 41 млрд 684 млн теңгеге орындалды. Қалалық бюджеттің өз кірістері 21 млрд  766 млн теңгеге (жоспар – 23 млрд 162 млн теңге, 94%-ға) жетті. Ал кірістер бөлігінің орындалмауына дағдарысқа қарсы шаралардың қабылдануы, арнайы салық режімінде жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің салықтан босатылуы (корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік салық, бірыңғай жер салығы) себеп болған. Республикалық, облыстық бюджеттер трансферттері 14 млрд 548 млн теңге, қарыздар түсімі 5 млрд 370 млн теңге шамасында болды. Қалалық бюджеттің шығыстар бөлігі 41 млрд 205 млн теңгеге (жоспар – 43 млрд 079 млн теңге, 95,6%-ға) орындалып, 4%-дайы игерілмеді. Қалалық бюджет бағдарламалары әкімшілері аталмыш қаражат есебінен 16 бағдарламаны жүзеге асырды. 2022 жылға арналған бюджет 43 млрд 080 млн теңге болды.
Қала әкімінің ұсынған ақпараты бойынша әлеуметтік көмек функционалдық тобы бойынша 4 млрд 595 млн теңге қарастырылды. Соның 4 млрд 492 млн теңгесі (97,8%-ы) жұмсалып, 103 млн
теңге қаржы игерілмеді. Былтыр 595 млн теңге әлеуметтік көмек алушыларға төленді. Мәдениет, спорт және ақпарат салаларына 1 млрд 778 млн теңге бағытталып, ол 100% игерілді. Тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы салаларына бөлінген 17 млрд 753 млн теңгенің 1 млрд  765 млн теңгесі игерілмей қалды. Оның ішінде есепті мерзім ішінде 4 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Одан басқа 6 үй құрылысы басталды. Сонымен қатар Саратов трассасында диаметрі 1000 миллиметрлік қысымды кәріз коллекторы қайта жаңартылды. Көлік және коммуникация салаларына 7 млрд  214 млн теңге бағытталып, қаржы-қаражат толықтай игерілді. Осы қаржы есебінен облыс орталығындағы 69 көшені күтіп-ұстау жұмыстары, Әбілқайыр хан даңғылының 3,15 шақырымына орташа жөндеу, А. Матросов, У. Громова, Полевая, Казталов көшелерінің аутожолдарына (ұзындығы 2,1 км) күрделі жөндеу жүргізілді.
– Жылдың қорытындысында 1 млрд 875 млн теңге игерілмеді. Оның ішінде 1 млрд 422 млн теңге келісімшарт міндеттемелерінің орындалмауына, 100 млн теңге бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдалануға және 336 млн теңге үнемдеуге байланысты игерілмей қалды. Бюджет бағдарламалары әкімшілері бойынша 7 бөлім қаржыны толықтай, 4 бөлім де 100%-ға жетеқабыл игерді. Тек құрылыс бөлімі бюджет қаржысын 81,2%-ға игерді. Игерілмеу себептері мынада: Ақжайық шағынауданында
былтыр басталған ішкі жолдардың құрылыстары биыл жалғасады және алдағы жы-
лы аяқталады, – деді Миржан Мұнайдарұлы.
Жарыссөз кезінде депутат Әзима Ғұбашева бюджеттің орындалуын жылына екі мәрте тыңдауды ұсынды. Сондай-ақ депутаттар үнемделген қаржыны басқа жобаларға, соның ішінде Зашаған кентіндегі су құбырлары құрылысына жұмсау керектігін айтты. Қала басшысы ондай қаржының тұрғын үй құрылысы бойынша республикалық бюджет қарызын өтеуге жұмсалатынын мәлімдеді. Депутат Мақсат Айсауытов республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер көлемінің аздығына қатысты сауал қойды. «Жақында Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан республика бойынша ең аз бюджеттердің бірі облыс бюджеті екенін айтып, мәселе көтерді. Республикалық бюджетке беретініміз бен одан алатын қаржы-қаражат арасында үлкен айырмашылық бар. Сондықтан қала бюджеті екі есеге өсіп жатса, тұрғындар көтерген кейбір мәселелерді шешуге болар еді», – деді қала әкімі.
Халық қалаулылары өткен жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті мақұлдады. Сессияда қаралған басқа да мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале