Тасқала ауданында халықтың қаржылық сауатын арттыратын «AMANAT» партиясы мен «Halyk Bank» бірлесіп ұйымдастырылған «Қарызсыз қоғам» жобасы жүзеге асып жатыр.
Аталған жоба қаржы сауатын меңгеруге арналған. Жобаға әр мекемеден келген қызметкерлер және жеке кәсіпкерлер қатысты. Ақшаны дұрыс пайдалану және де ауданға қандай бизнес ашу керектігі жайында дұрыс бағыт берілді.
Тренингте қатысушылар отбасы бюджетін қалыптастыру, оны дұрыс пайдалану мен несие алу ережелерін түсіндірілді. Бизнес жобаларды қаржыландыру көздері үйретілді.
- Еліміздің сегіз облысы бойынша бастап жатырмыз. Барлығы жақсы нәтиже көрсетсе бізге де жақсы болар еді. Біздің сабағымыз бес күнге созылады. Аталмыш жобаға қаржылай «Halyk Bank»-і қолдау көрсетіп отыр.. Егерде жалғасын тапса, өзге облыстарда жүзеге асырылады. Облыс бойынша 9 мың адам оқудан өтеді, - деді курстар туралы ақпаратымен бөліскен қаржы сарапшысы Зульфия Тынымгерейқызы.
Гүлмира Серікқалиқызы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz