Бүгін аудан активінің жиынында БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев пен аудан әкімі Марат Тоқжанов аудан активіне жаңа прокурорды таныстырды. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2023 жылғы 22 мамырдағы бұйрығымен Меңлібаев Алмас Базарханұлы Бәйтерек ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Алмас Базарханұлы еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ ауданы прокуратурасының аға көмекшісі лауазымынан бастаған.
2008-2009 жылдары осы облыста, Ордабасы ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған.
2009-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры және аға прокуроры қызметінде болған.
2013-2018 жылдары ОҚО Сарыағаш ауданы және Шымкент қаласында Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары;
2019-2020 жылдары Түркістан және Жамбыл облысы прокуратураларында қылмысты қудалау заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары;
2020-2022 жылдары аралығында Жамбыл облысы прокуратурасының мемлекеттік айыпты қолдау басқармасының бастығы;
2023 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Ауданның жаңа прокурорын аудан әкімі Марат Тоқжанов жауапты қызметімен құттықтап, аталмыш саланың маңыздылығына тоқтала келе жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетелік, білікті маманның прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 21 жылдан асады.
Г. Баделова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz