31.05.2023, 18:00
Оқылды: 31

Тарих пен тағдыр

Бүгін Бәйтерек ауданы орталығындағы «Жеңіс» саябағында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шара өтті.

IMG_20230531_165619_147

- Ата-бабамыздың төккен қаны мен тері еш зая кеткен жоқ. Олар армандап, жете алмай кеткен кезеңде қазір біз өмір сүріп жатырмыз. ХХ  ғасырдағы қазақ халқының көрген қасіреті жадымызда мәңгі сақталады. Сол кездегі солақай саясаттың салдарынан жазықсыз жапа шеккен, атылған, атаусыз қалған саяси қуғын-сүргін құрбандары ел жадынан еш өшпейді. Тарих болашақ үшін керек. Өткеннен сабақ алмай, болашақты жасай алмаймыз. Зорлық пен зомбылық көріп көз жұмған аталарымыз бен аналарымыздың ерен еңбегі мен ерлік күресі, қастерлі есімі ұлықтала бермек, - деді жиында аудан әкімі Марат Тоқжанов.

IMG_20230531_165528_812

Келесі болып сөз алған ауыл тұрғыны Салима Сакпусунова соғыстан кейінгі жылдары жазықсыз жаза арқалаған әкесі Михайл Сариновтың басынан өткерген қиын тағдыры туралы баяндап, ата-баба көрген қасірет енді қайталанбасын деген тілегін білдірді.

IMG_20230531_165547_231

Шара соңында жиналғандар бабалар рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале