1.06.2023, 16:01
Оқылды: 25

Соғылды соңғы қоңырау

Переметный ауылындағы Камен жалпы орта білім беретін мектебін 327 оқушы бітірді. Оның 58-і оқу үздігі, 116-сы оқу  екпіндісі атанды.

fc853403-b202-4eb6-8ad9-b0c352bc4468

Биыл 8 түлек үлкен өмірге қадам басқалы тұр. Сонымен қатар алғаш рет негізгі мектепті қазақ сыныптары аяқтады.

Жалпы биылғы оқу жылы білім ұясы үшін жемісті жыл болды. Шәкірттер оқуда да, өнерде де, спортта да биіктен көрінді. Мәселен, Елизавета Долбленова республикалық,  Андрей Хорошкин Родион Рахимбердин облыстық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері атанды. Алексей Нишонов республикалық бейнелеу өнері сайысында топжарды. Самал Таскалиға облыстық «Жас суретші» байқауында 2-орын бұйырды. Иван Уткин облыстық пән олимпиадасында жүлде алды. Ал 7-сынып оқушысы Дамира Неткалиева каратэден Еуропа чемпионатынан жүлдемен оралды. Наима Жанзакова дзюдодан республикалық турнирдің қола жүлдегері деп танылды. Сонымен қатар мектеп оқушылары қазақ күресі, волейбол, футболдан өткен аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары. Мектеп - «Таза жаға» экологиялық акциясының ұйымдастырушысы, сонымен қатар экологиялық сайыстар мен форумдардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.

62a21773-eab6-4483-b261-d5fe441af993

Республикалық «Ақбота», «Кенгуру», «Золотое руно» т.б. сайыстарына мектеп оқушылары белсенді қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.

016be199-1af0-4997-8718-7d2301a0f41f

Соңғы қоңырау салтанатына келген ата-аналар, ардагер ұстаздар және аудандық маслихат депутаты Әсел Ижанова оқу жылының аяқталуымен құттықтап, табыс тіледі.

 

Дидара Қартқалиева,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале