8.06.2023, 12:00
Оқылды: 20

Партиялық бақылаудың пәрмені зор

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Переметный ауылында рейд жүргізді. Рейдке аудандық ТЖБ қызметкері, азаматтық қорғау лейтенанты Рамазан Саматов және Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекзат Бадақов қатысты.

IMG-20230607-WA0174

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ауыл ішіндегі кәріз құдықтарын, балалар ойнайтын жерлерді және шомылу орындарын тексерді.

IMG-20230607-WA0172

Рейд барысында бүлдіршіндерге қауіп төндіретін нысанның бірі ретінде «Бейбітшілік және келісім» саябағындағы кеңес заманы кезінен сақталған су мұнарасы анықталды. Балалар ойын алаңының есігі мен футбол қақпаларының да орнықтылығына мән берілді. Яғни рейд барысында анықталған олқылықтарға байланысты жедел кемшіліктерді түзету үшін құзырлы құрылымдарға  хабарлама жіберілді.

IMG-20230607-WA0166

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале