9.06.2023, 10:00
Оқылды: 41

«Жастарды ауданға қажет мамандықтарды алуға баулуымыз керек»

 

Кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастыру маңызды. Сол арқылы мектеп оқушыларының ауданға керек мамандықты таңдауға мүмкіндік туғызу қажет.

IMG-20230609-WA0022

Бұл туралы аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесте кеңінен сөз болды.

Жиында алғаш болып баяндама жасаған аудандық білім бөлімінің бас маманы Ажар Оңғарбаеваның айтуынша, 2022-2023 жылғы оқу жылынан бастап аудандағы 32 орта білім беру ұйымында кәсіптік бағдар беру мамандығы бойынша штат енгізілді.

Қазіргі уақытта 34 педагог еңбек етіп жатыр. Өткен оқу жылы ішінде бұл бағытта көптеген шара ұйымдастырылған.

IMG-20230609-WA0025 - Кәсіби бағдар беру ісінде жастарымызға түрлі мамандықты айтып қана қоймай, оларды ауданға қажет мамандықтарды алуға баулуымыз керек. Әйтпесе тек осы бағытта оқытсақ болды. Әрі қарай жастар өздері қоғамнан орнын тапсын десек болмайды. Онда біз ауданға қажет дәрігер, мұғалім, ветеренар, механизатор сынды мамандарды қайдан алып келеміз? Жаңа баяндамада айтылғандай, мектептерде, Оралдағы ЖОО-ларда түрлі шара өткен. Ал БҚУ, БҚАТУ, педколледж, медколледжбен бірігіп, ауданға қажет мамандықтарға жастарды тарту мақсатын көздеген іс-шараларды неге ұйымдастырмасқа?, - деді кеңеске төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.

IMG-20230609-WA0026

Жиын барысында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы Жәнібек Нұрлыбек, Бәйтерек колледжінің директоры Гүлжанар Ғиылманова және Мичурин, Трекин, Достық ауылдық округтарының әкімідері баяндама жасады.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале