12.06.2023, 12:00
Оқылды: 24

Асыл мал арзан емес

«Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ниет білдірген 216 жерлесіміздің 166 сүтті бағыттағы ірі қара өсіруді қалайды. Нақтылап айтқанда, олар жоспарланып тұрған 1 102,02 млн теңге несиеге 1244 бас сүтті сиыр алмақшы.

IMG-20230612-WA0027

Бүгінгі таңда жобаға қатысуға ниет білдірген жерлестеріміздің 121-і аталмыш жобаның өңіріміздегі операторы «Ақжайық» ӘКК-ға құжаттарын тапсырды. Қазір 80 бәйтеректіктің құжаты алғашқы тексерістен өтіп тұр. Ал құжаттары қолдау тапқан 6 адамның екеуі сүтті бағыттағы сиыр алмақ.

Сүт өндірісін дамытуға ден қойғысы келіп отырған тұрғындарға асыл мал іздеп аудан әкімінің орынбасары Мұрат Бәйменов, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Лауаз Уәлиев пен Макаров ауылдық округінің әкімі Еркін Әбілкәрімов таяуда Ресейге барып келді.

IMG-20230612-WA0024

- Біз Пенза, Тамбов, Воронеж облыстарында болдық. Соның ішінде Воронеж облысының Лисиск қаласындағы  «ЭкоНиваАгро» холдингіндегі малдар, олардың беретін өнімі бізге ұнады. Айта кету керек, бұл агрохолдинг Воронеж облысындағы ең ірі - сүт өндіруші компания. Мұнда голштин тұқымды бір сиырдан тәулігіне 38 литрге дейін сүт алынады. Аталмыш холдингте  1 бас қашардың құны 140 мың рубль тұрады. Біздің валютаға аударғанда ол 784 мың теңгені құрайды (1 рубль - 5,6 теңге бағамы бойынша). ТМД елдерінен алынған әрбір асыл тұқымды малға мемлекет тарапынан 225 мың теңге көлемінде субсидия қарастырылған. Соны есептегенде тұтынушы үшін бір қашар 559 мың теңгеге шығады. Жалпы «ЭкоНиваАгро» холдингінде 2000 бас қашар саттықта тұр. Мұнда сондай-ақ осыншама бас құнажынды да сату қарастырылған. Бір бас құнажын 896 000 теңге (160 000 рубль). Оған да субсидия беріледі. Ал енді жеткізу шығынан тоқталсақ, ресейліктер әр басты 100 000 теңгеге әкелсе, жергілікті тасымалдаушылар одан бес есе төмен, яғни 17-20 мың теңгеге жеткізуге дайын. Арнайы көлікте орта есеппен 40 бас мал тұратынын ескерсек, жергілікті тасымалдаушыларға бір рейс үшін 800 мың теңге беруге тура келеді, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Лауаз Уәлиев.

IMG-20230612-WA0026

Макаров ауылдық округінің әкімі Еркін Әбілкәрімовтің айтуынша, аталмыш округта «Ауыл аманаты» жобасы аясында 17 адам жеңілдетілген несиеге ие болғысы келіп отыр. Олардың 14-і 78 бас бас сүтті сиыр алуды көздейді.

- Сөздің шыны керек, Ресейдегі, соның ішінде Лисиск қаласындағы  асыл тұқымды мал қымбат.

IMG-20230612-WA0028

Мысалы, буаз сиыр біздің ақшамен санағанда 1,2 млн теңге көлемінде. Субсидиямен есептегенде құны 559 мың теңгеге шығатын қашарды алсақ, оны жарты жыл бағу керек, сосын қашырып, төл алғанша жоба аясында берілетін каникул бітіп қалады. Ресейге сапарымыз кезінде ондағы өзге губерниялардағы сүтті бағыттағы агрохолингтердегі мал, олардың құны турасында ақпараттар алып келдік. Қазір солардың бәрін сараптап, ойластырып жатырмыз. Не де болса тиімдісін таңдайтынымыз анық, - дейді Еркін Рустамұлы.

IMG-20230612-WA0023

Бақыт Нұржан,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале