2021 жылдың 4 маусымында туған туған немерем Əлихан Мұратұлы Бисенғалиевке 4-ші дəрежелі көмейдің, өңештің тыртықтан тарылуы стенозы (рубцовый стеноз гортаноглотки и гортани 4-степени. Рубцовый стеноз пищевода) диагнозы қойылып отыр. Елімізде емдеу мүмкін болмаған соң Израильға апару керек. Ол үшін 60 мың доллар көлемінде қаражат қажет болып тұр. Соған орай жерлестерімнен көмек сұрағым келеді. «Көп түкірсе көл» демекші, əрбір 100, 200, 500 теңгенің өзі біз үшін үлкен көмек.
Осы сәтті пайдаланып, ауылдастарыма ризашылығымды білдіріп кеткім келеді. Таяуда Сұлукөл ауылда волейболдан өткен турнирде Құрманғазы ауылдық округі командасы 2-орын алғандары үшін «Агросервис Батыс» ЖШС 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапаттады. Команда мүшелері сол қаржыны бірауыздан көмекке мұқтаж немеремнің еміне беруді ұйғарған екен. Сол үшін де отбасының атынан турнир ұйымдастырушыларына, команда мүшелеріне, ауылымыздың меценаты Лихачевтар отбасына, «Хаменское» ЖШС қызметкерлеріне Құрманғазы ауылдық округі, Аманат ауылы тұрғындарына, барша ағайын-туыс, құрбы-құрдасқа осындай қиын сəтте шет қалмай көмек қолын созып, демеу болғандары үшін аналық алғысымды айтамын.
Мұндай игілікті істен аудан халқы да сырт қалмайтынына сенемін.
Реквизиттер:
Анасы: Альбина Бисенғалиева 87071807191
Каспий банк 4400430204371444
Əкесі: Мұрат Бисенғалиев
Халық банк 6244954702232464
Instagram парақша: @sbor_alikhan_kz
Роза Қуатова,
Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны
Бәйтерек ауданы