14.06.2023, 11:00
Оқылды: 32

Сырымдық жас талант халықаралық байқауға жолдама алды

Ақтау қаласында аймақтық «Жас толқын» жас таланттар фестивалі мәресіне жетті.

БҮГІН -АҚТАУ, (1)

Каспий Құбыр желісі Консорциумының ұйымдастырған жобаның негізгі мақсаты - тасада жүрген табиғи таланттарды табу.

Соңғы жаңалықтарға қарасақ, сол мұрат орындалған да секілді.

БҮГІН -АҚТАУ, (2)

Фестивальдің «Дәстүрлі ән» жанры бойынша сырымдық Жанерке Оңғарбекова бас жүлдеге ие болып, қараша айында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық байқауға жолдама алды.

Жанеркенің жетекшісі - А. Ғұбайдуллин атындағы саз мектебіндегі дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы, белгілі әнші Дархан Қажығалиев.

БҮГІН -АҚТАУ, (3)

Дарханның тағы бір шәкірті Диляра Исламғали да тамаша өнер көрсетіп, дипломант атанды.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале