Орал қалалық полиция басқармасын енді Абдрахманов Асқар Қоңырұлы басқарады. Бүгін Полиция департаментінің басшысы мен қала әкімі жаңа басшыны ұжымға таныстырды. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Асқар Қоңырұлы Абдрахманов Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге елген.
Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарған.
Еңбек жолын мамандандырылған күзет қызметі басқармасы полицейі лауазымынан бастаған.
Кейін Ішкі істер департаменті Приуралье полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі қызметінде жалғастырған.
2008-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, аға жедел уәкілі қызметінде болып, 2017 жылдан бастап түрлі басшы қызметін атқарған.
Соңғы атқарған қызметі БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
zhaikpress.kz