15.06.2023, 15:30
Оқылды: 21

«Ақжайықта Ақтөбенің ән самалы»

Бәйтерек ауданында осындай атаумен ақтөбелік халықтық ұжым «Атамекен – асылым» аталар мен аналар ән ансамблі концерт қойды.

бәйтерек концерт (2)

Кеш барысында ансамбль халық әні «Назқоңыр», «Туған жер», С. Мұхамеджановтың  «Әйтеуір, сол қыз бір сұлу» мен С.Жиенбаев, Е. Хасанғалиевтің «Айналдым, елім» әндері шырқалды. Баян аспабында халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрлан Бүркішев әдемі өнер көрсетті. «Атажұрт - атамекенім» атты ықшамдалған көріністі те көрермен назарына ұсынылды.

-Ақтөбе - рухани қазынаға бай облыс. «Батыстың бәрі бір шұңқырдан» деп ақын Фариза Оңғарсынова айтпақшы, бір шұңқырдан келген ағаларымыз бен апаларымызға сәттілік, шығармашалық табыс тілеп, Бәйтерек ауданына қош келдіңіздер дейміз. Ауданымызға ат басын тіреп, тамаша көңіл-күй, рухани демалыс сыйлағандарыңызға үлкен алғыс білдіреміз, - деп кеш соңында тілегін білдірген аудан әкімі Марат Тоқжанов өнер ұжымына ықылас гүлін табыстады.

бәйтерек концерт (3)

Айта кетейік, 2018 жылы құрылған «Атамекен - асылым» ансамблі 2019 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің шешімімен «Халықтық» атағын алды. Өткен бес жыл  уақыт ішінде өнер ұжымы облыстық, республикалық, халықаралық түрлі байқаулардың жеңімпазы, жүлдегері болды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері, өнер ұжымының негізін қалаушы - Қаракөз Сағынова.

бәйтерек концерт (1)

Ансамбль - Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтетін барлық  мәдени  шараға  қатысып, облыстың  аудан-ауылдарын  аралап, көпшілікке рухани  демалыс пен  көңілдерге  қуаныш сыйлап, жұртшылықтың ризашылығына бөленіп жүрген ұжымдардың бірі.

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале