Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов «Менің кіші Отаным» аудандық тарихи-танымдық экспедиция құрамын қабылдады. Қабылдау барысында аудан әкіміне екі күннің қорытындысы баяндалып, жәдігерлер мен суреттер таныстырылды.
Экспедиция жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының магистрі Айболат Құрымбаев аудан әкіміне экспедиция жөнінде ақпарат беріп, тың деректер жинақталғандығын атап өтті.
Жиында экспедицияның екінші кезеңіне дайындық, ауданның тарихын түгендеу мақсатында бірқатар мақсатты зерттеу жүргізу мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі экспедицияның алғашқы кезеңінің жұмысына оң бағасын беріп, жұмысты жетілдіруді тапсырып, жан-жақты қолдау шараларын ұйымдастыруды тапсырды.
zhaikpress.kz