22.06.2023, 16:16
Оқылды: 17

«Сұлу сүмбілдей – Деркөлім»

Зеленов ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осындай атаумен шара ұйымдастырылды.

IMG-20230621-WA0072
Зеленов және Егіндібұлақ ауылдық кітапханалары бірігіп өткізген кеште Деркөл өзені туралы сөз болды. Айта кетейік, Деркөл - Жайық алабындағы өзен. Бәйтеректегі басты өзендерінің бірі. Ол – 176 шақырымға дейін созылып жатыр. Су алыбының ауданы 2,25 мың шаршы шақырымды құрайды. Арнасы кең, жағасы жайпақ. Өзен бастауын Ешкі тауынан алып, Шаған өзеніне құяды, ал ол Жайыққа құяды.
Оқырмандардың туған өлкеге деген құрметін арттыруды, туған жердің тарихын жете білуді мақсат еткен шараға Зеленов округі әкімі Ізғали Дәулетов, Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Амангелді Мыңбаев, аталмыш ауылдағы қоғамдық кеңес төрағасы Зейнолла Тасмұхамбетов қатысты.
Шара барысында тақырыпқа қатысты кітап көрмесі таныстырылып, ауылдың жас өнерпаздары «Арыс жағасында», «Речка», «Ақ Жайық» сынды әндерді әуелете шырқап, би биледі. Ақындыққа жақындары туған жерге арнап шығарған өлеңдерін қонақтарға оқып беріп, ерекше әсер сыйлады.

Кеш ауданның әнұранына айналған «Бәйтерегім» әнімен тәмамдалды.

Нұрсәуле Жәнібекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале