23.06.2023, 10:45
Оқылды: 46

БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мектептердегі ақша жинаудың алдын алды

БҚО-дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, директордың баспа құрылғысының көмегімен мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру үшін, ата-анадан ақша жинау фактісіне қатысты түлектердің ата-аналары жүгінді.

акша1

Осы ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін 20 маусым күні «ANTIKOR Ortalygy» сервистік орталығында құзыретті органдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Оның қорытындысы бойынша білім беру ұйымы – Тапсырыс беруші мен «ЖШС» атынан өнім беруші арасында 19 мамырда мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында Тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығының талаптарын сақтамаған, яғни баспа құрылғыларының көмегімен аттестаттарды толтыру көрсетілмеген.

Осыған байланысты, мектеп директоры егер ата-аналар электронды түрде толтырылған аттестат алғысы келген жағдайда, ата-аналардан 1000 теңге ақша жинау туралы нұсқау берген.

БҚО-дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін, түлектердің ата-аналарынан жиналған ақша кері қайтарылды.

Жоғарыда аталған бұзушылыққа жол бергені үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале