23.06.2023, 12:15
Оқылды: 20

«Бәйтерек» үздік болды

Бәйтерек ауданының орталығында мемлекеттік қызметшілер күніне орай интелектуалды сайыс ұйымдастырылды.

IMG_20230623_101409_899

Аудан әкімдігінде, түрлі бөлімдерде, Переметный, Дариян, Егінбұлақ, Макаров сынды ауылдық округтер әкімі аппараттарында еңбек етіп жүрген жас мемқызметшілер «Бата», «Бәйтерек» және «Белес» атты командаларға бөлініп, сынға түсті.

IMG_20230623_101356_215

Бірінші кезеңде сайыскерлер салт-дәстүр, әдебиет, мәдениет төңірегінде сұрақтар бойынша сынға түсті. Екіншісінде үзінді арқылы киноны, ал соңығысында аудио жазба арқылы танымал қоғам қайраткерлері, белгілі өнер адамдарын мен ән мәтіндері арқылы авторларын табу керек болды.

Нәтижесінде әр кезең бойынша қойылған 15 сұраққа ұтымды жауап берген «Бәйтерек» командасы үздік болды. Қалған орындарды «Белес» пен «Бата» өзара бөлісті.

- Көзге көріне бермегенімен, мемлекеттік қызметшілердің арқалар жүгі  ауыр әрі өте жауапты. Халық тұрмысының жақсы болмағы да мемлекеттік қызметшілерге байланысты. Қарапайым қызмет болып көрінгенімен оның Отан алдындағы мәртебесі жоғары екенін ұмытпауымыз керек. Сол үшін де осы  салада жүрген баршаңызға қызметтеріңіз үшін алғыс айтып, кәсіби мерекемен құттықтаймын, - деп іс-шараны қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев командаларға сый-сияпат тарту етті.

Гүлнар Қадырова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале