22.07.2016, 15:57
Оқылды: 42

Кәмелетке толмағандар мәселесі талқыланды

Кәмелетке толмағандар мәселесі талқыландыБүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.


Отырыстың күн тәртібінде қаралған бала еңбегінің ең қиын түріне жол бермеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жаз мезгілінде кәмелетке толмағандардың, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Есенгүл Рабаева мен Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының директоры Нұрлан Меңдешов баяндап өтті.

Комиссияда және ішкі істер органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығын және құқық бұзушылықты болдырмау жөнінде жасөспірімдер инспекторы Ербол Ахбалин мәлімет берді. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мақсатында олардың денсаулығын қадағалау, бақылау жөнінде аудандық орталық аурухана директоры Зейіл Мағзомов ақпараттандырды. Ал кәмелетке толмаған жұмыссыз жастарды төлемді қоғамдық жұмыстарға тартылуының жайы жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңесші маманы Асылзада Кәрімова хабарлама жасады.

Жиналысты қорытындылаған комиссия отырысының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов кәмелетке толмағандар еңбегін қанауға қарсы шараларды жүйелі жүргізу мен ақпараттық насихат жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

 

Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале